Коронавирусқа шалдыққан 101 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан 101 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9 наурыздағы деректер бойынша коронавирус инфекциясынан 13 748 адам (12 693 КВИ және 1 055 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 348 пациент стационарда, 12 400 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 101 адамның жағдайы ауыр;

- 38 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.