12 мамырдағы дерекке сүйенсек, осы күндері ел өңірлерінде коронавирустан 1 193 адам (–492 және 701 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 68 пациент стационарда, 1 125 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандар арасында 11 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Сондай-ақ таратылған хабарламаға сәйкес, 10 мамыр күні Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы тіркелді, 24 адам дерттен айықты.
Жалпы, былтырғы 13 наурыздан бастап коронавирус пневмониясы 89 043 адамнан анықталды, соның ішінде жазылып шықты 82 988 науқас, қайтыс болды – 5 353 адам.