Коронавирусқа шалдыққан 307 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 желтоқсандағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 19 810 адам (17 244 КВИ және 2 566 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 404 пациент стационарда, 16 406 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 307 адамның жағдайы ауыр;

- 71 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 58 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.