Коронавирусқа шалдыққан 330 адамның жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

13 желтоқсандағы дерекке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 21 128 адам (–18 354 және 2 774 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 147 пациент стационарда, 16 981 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 330 адамның жағдайы ауыр;

- 88 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 64 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.