Коронавирусқа шалдыққан 540 науқастың жағдайы ауыр – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде 23 587 адам коронавирус инфекциясынан (22 712 КВИ және 875 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:

- 8 053 пациент стационарда,

- 15 534 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 540 адамның жағдайы ауыр,

- 114 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 71 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.