Коронавирусқа шалдыққан 7 пациент жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 7 пациент интенсивті терапиядан тұрақты палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пациенттердің екеуі - Алматы қаласында, біреуі - Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі - Қызылорда облысында, біреуі - Б атыс Қазақстан облысында және біреуі - Атырау облысында.

Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда барлығы 50 пациент реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылған.