Коронавирусқа шалдыққан 756 науқастың жағдайы ауыр - министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың хал-ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 сәуірдегі мәлімет бойынша, қазіргі уақытта 42 260 адам коронавирус инфекциясынан (41 861 КВИ және 399 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 785 пациент стационарда, 27 475 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 756 адамның жағдайы ауыр;

- 179 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 110 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.