Коронавирусқа шалдыққан 86 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы мәліметке сәйкес, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 11 394 адам (10 339 КВИ+ және 1 055 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Олардың арасында 1 024 пациент – стационарда, 10 370 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ (коронавирус), КВИ- (коронавирус белгілері бар пневмония) шалдыққандардың арасында:

- 86 адамның жағдайы ауыр,

- 27 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.