Коронавируспен ауыратындарға дәрі-дәрмектерді көп берудің қажеті жоқ - дәрігер

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы №4 Қалалық клиникалық аурухананың №2 Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Сауранбаева коронавирусты жеңу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәрігердің айтуынша, біріншіден, сенім, медицина мен халықтың өзара сенімі, қоғамдық сана мен вакцинация болғаны дұрыс.

«Мен өз тәжірибемнен айтайын: мен де коронавируспен ауырдым, менікі орташа ауыр деңгейде өтті, өкпенің зақымдануы 32% болды. Мен қазір бізде емделіп жатқандардың қандай жағдайда екенін жақсы түсінемін. Бірақ мен жаман ойдан арылып, күн сайын таңертең тұрып, палатада жүруге өз-өзімді мәжбүрледім. Мүмкіндік бар кезде жүріңіз, аз-аздан, 10 қадамнан бастаңыз. Барлық сүйікті өлеңдер мен әндерді еске түсіріп, айтыңыз – бұл тыныс алу гимнастикасы. Бірақ, белсенді физикалық жаттығуларға бармаңыз» - деді ол.

Дәрігер бұл жағдайда адам ағзасының барлық мүшелері сау, тек ең кішкентай капиллярлардан бастап, үлкен тамырларға дейінгі әртүрлі калибрлердің тамырлары зардап шегетінін айтты.

«Аурудың өзіне сабырмен қарап, дәрігер ұсынған, тағайындаған алдын-алу және емдеу шараларын жүргізгені дұрыс» - деді дәрігер.

Коронавируспен ауыратын науқастарға дәрі-дәрмектерді көп берудің қажеті жоқ. Дәрі көп болса тамырлар зардап шегеді.

«Науқастарға дәрі құйылмайды, олар «бос» жатыр деген пікір дұрыс емес. Әр адам аурудың ауырлық деңгейіне байланысты дәрінің тиісті дозасын алады», - деп нақтылады Сәуле Сауранбаева.

Думан Арғынгелді