Коронавируспен ауырған адам неліктен 3 айдан кейін вакцина алуы керек
16:45, 03 Шілде 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева КВИ-мен ауырған адамға үш айдан соң вакцина салу туралы шешім қалай қабылданғанын түсіндірді.
Бұл жайында қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
«Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ауырып жазылған адамды үш айдан кейін вакциналау ұсынылып отыр. Мұндай шешім инфекциядан кейін 3-6 ай аралығында қайта жұқтыру жағдайларының жиі тіркелуіне байланысты туындады», — деді Айнагүл Қуатбаева.
Оның айтуынша, коронавируспен ауырған азаматтарды вакцинациялау онсызда әлсіреген ағзаның қайта жұқтырмауы үшін маңызды.
Инфекцияны қайта жұқтыру әдетте үлкен қиындықтарға әкеледі.