Бұл бастаманы белгілі блогерлер, белсенділер ұйымдастырды. Олардың ішінде коронавируспен ауырған блогерлер де бар.
ТМД аумағында бірінші рет қолға алынып отырған бұл акцияның басты мақсаты – науқастардың денсаулығын сақтауға қоғам үлесін қосуды насихаттау.
«Өмірге үміт сыйла» деп аталатын акцияға 2 апта дайындалдық. Бұл игі бастаманы Қайрат Құдайбергенов бастады. Біздің идеямызды қала әкімдігі де қолдады. Бүгін Қан орталығына көп адамды жинап, қан тапсыруға үгіт-насихат жүргізіп жатырмыз», - деді Instagram-дағы пабликтердің бірінің әкімшіс, блогер әрі кәсіпкер Владимир Волков.
Ғылыми зерттеулерге сәйкес, қан плазмасы кәдімгі вакцинаның орнын алмастырады.
«Егер қан талдауы барлық жағынан таза болса, қан тапсыру – әр азаматтың борышы деп санаймын. Себебі, адамдарға қан кез келген жағдайда керек болады. Бұл материал ауырып жатқан көптеген азаматтың денсаулығын жақсартуға ықпал етпек», - деді белгілі қазақстандық вайнер Мейіржан Төребаев.
Акция ұйымдастырушылары КВИ-мен ауырған азаматтарды қан тапсыруға шақырды. Себебі олардың қанының плазмасында коронавирусқа қарсы антиденелер көп болады.