«Наурыз айымен салыстырғанда сәуір айында сырқаттанушылықтың өсуі Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде байқалады. Бұл ретте ел бойынша сырқаттанушылықтың 58 пайызы 3 өңірге, атап айтқанда Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, барлық өңірлерде әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу өлшемшарттарына сәйкес қосымша шектеу шаралары қабылдануда.