Коронавируспен басқа қалада ауырып қалған жағдайда не істеу керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы И. С. Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Тамара Ұтағанова ӨКҚ алаңында өткен брифингіде басқа қалада коронавируспен ауырып қалған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер адам белгілі бір жағдайға байланысты басқа қалаға барып, коронавирус инфекциясының белгілерін байқаса, ол бірінші кезекте жедел жәрдем қызметіне немесе телемедицина орталығына хабарласуы керек. Пандемия кезінде коронавирус жұқтырған науқастарға қашықтықтан көмек көрсетіледі. Егер адамға коронавирус диагнозы қойылса оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі», - деді инфекционист дәрігер.

Бұған дейін мобильді топ қандай жағдайларда үйге келетіні туралы жазған болатынбыз.

Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 1 520 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 117 бала бар.