Коронавируспен сырқаттану деңгейі 1,2 есе төмендеді – Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпан айында елімізде коронавируспен сырқаттану деңгейі қаңтармен салыстырғанда 30% төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қаңтар айымен салыстырғанда ақпанда сырқаттанушылық деңгейі 30% төмендеді. Ал наурыз айында сырқаттанушылық деңгейі 1,2 есеге төмендеуі байқалады. Дегенмен, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары және Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында аурудың өсуі байқалады», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Ол бұл аймақтардың әкімдері сырқаттанушылық деңгейінің өсуіп кету себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, жедел шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

«КВИ жағдайларының себептерін талдау кезінде мына жағдай анықталды: өз еркімен қаралу кезінде КВИдің анықталуы – 45%, науқастанған адамдармен байланыста болғандар арасында анықталғандар – 35%, ал профилактикалық мақсатта емделіп жүргендер арасында анықталуы – 20%», - дейді ол.