«Сіздерге әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, республикадағы коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар еткім келеді. Әлемде аурудың өсуі жалғасуда. Қазіргі кезде әлемнің 216 елінде КВИ-дың 48 млн-нан астам жағдайы тіркелген, сырқаттанушылықтың өсуі – 1 пайыз. 1 млн 200-дей адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – 2,6 пайыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде бұрынғыша аурудың өсуі жалғасуда. Соңғы айда Германияда аурудың таралуы көбейгені байқалды.
Соңғы 2 аптада еліміздің өңірлерінде КОВИД-пен сырқаттанудың өсуі байқалады.
«Сырқаттанудың өсуі барлық өңірлерде байқалып отыр. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 2,6 есеге өсті. Бүгінгі күні 14 өңірдің – Солтүстік Қазақстан облысының, Батыс Қазақстан облысының, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері күшейтілген шаралар қабылдады. Күшейтілген шаралар қоғамдық тамақтану объектілерінің толтырылуын азайтуға, кәсіпкерлік немесе өзге де қызмет объектілерінің және халықтың тыныс-тіршілігіне қызмет ететін нысандардың жұмыс кестесін қысқартуға, шектеу шараларын сақтауға, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын тоқтата тұруға бағытталған», - деді вице-министр.