Коронавирустан 22,4 мың адам емделуде – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа шалдыққан 500-ден астам науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 маусымдағы мәлімет бойынша, бүгінде елімізде коронавирус инфекциясынан 22 456 адам (21 438 КВИ және 1 018 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 576 пациент стационарда, 14 880 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 516 адамның жағдайы ауыр,

- 113 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 78 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.