Коронавирустан емделіп жатқан 1,7 мың қазақстандықтың жағдайы ауыр
09:37, 04 Тамыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясына шалдыққандадың ішінде 1 786 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 4 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 016 адам коронавирус инфекциясынан (–103 986 + және 3 030 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 29 325 пациент стационарда, 77 691 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 786 адамның жағдайы ауыр, 412 пациенттің жағдайы өте ауыр, 209 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.