Коронавирустан емделіп жатқан 114 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 наурыздағы соңғы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 наурыздағы мәлімет бойынша, 14 199 адам коронавирус инфекциясынан (–13 101 және 1 098 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 1 449 пациент стационарда, 12 750 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандар арасында:

- 114 адамның жағдайы ауыр

- 42 пациенттің жағдайы өте ауыр

- 28 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.