Коронавирустан емделіп жатқан 12 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 17 448 адам коронавирус инфекциясынан (–17 119+ және 329 КВИ-) емделіп жатыр.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, емделіп жатқандардың ішінде 486 пациент стационарда, 16 962 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

6 адамның жағдайы ауыр,

12 пациенттің жағдайы өте ауыр,

5 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.