Коронавирустан емделіп жатқан 18 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 20 шілдедегі мәлімет бойынша, 10 983 адам коронавирус инфекциясынан (–10 866+ және 117 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше , олардың ішінде 977 пациент стационарда, 10 006 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

18 адамның жағдайы ауыр,

3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.