Коронавирустан емделіп жатқан 211 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы соңғы ақпарат жарияланды.

28 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 361 адам коронавирус инфекциясынан (–15 290 және 2 071 КВИ-) емделіп жатыр.

Оның ішінде 2 533 пациент стационарда, 14 828 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандар арасында:

• 211 адамның жағдайы ауыр,

• 71 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.