Apple Inc. Компаниясы қытай нарығындағы дүкендерін қайта ашып, басқа мемлекеттердегі дүкендерін екі аптаға жапты. Ал Джек Ма АҚШ-қа 1 млн маска мен 100 мың тест сыйлайтынын мәлімдеді», - деп жазады The Wall Street Journal .
«Дүйсенбі күні Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы енді вирусты мемлекетке кіргізбеу шараларын қолға алу қажет екенін айтты. Ал Бейжіңнің муниципалды үкіметі қалаға шетелден келгендерді 14 күндік карантинге жатқызатынын мәлімдеді», - деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, халық Қытайдың жағдайды қатаң бақылауда ұстайтынына сенеді.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жексенбі күні Қытайда коронавирустың 24 жағдайы тіркелгенін айтты. Ал әлемде бұл көрсеткіш 10955-ке жеткен еді», - деп жазылған мақалада.