Оның айтуынша, Ақмола облысының арнайы қызмет өкілдері коронавирустан қаза болған әйелдің Алматыда құдалықта болғанын хабарлаған.
«Алматыда ол әйелмен 6 адам жақын араласқаны анықталды. Олардың барлығы қазір оқшауланды. Олар құдалықта бірге болған. 6 адамның ішінде біреуі коронавирус жұқтырған. Ол әйел қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Басқарма басшысы карантин кезінде ұлттық дәстүрлерімізді тоқтата тұру керектігін айтты.
«Ұлттық дәстүрлеріміз – құдалық, беташар сияқты балалардың қуанышына жасалатын жоралғыларды тоқтату керек. Көп адам бас қосатын, тамақтанатын дәстүрлер қазір қажет емес. Көп нәрсе тәртіпке байланысты», - деді Т.Әбілдаев.