АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Адамдар қандай маска тақсада өз еркі. Көпреттік бе, әлде бірреттік бе өздері шешеді. Нормативтік ережеде қандай маска тағу керектігі туралы жазылмаған. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы әкімдігінде өткен брифингте санитарлық дәрігерден полицияның қайта қолдануға болатын маскалар үшін айыппұл салуға құқығы бар-жоғын сұрады.
«Адамдар қандай маска тақсада өз еркі. Көпреттік маскаға ешкім тыйым салған жоқ. Нормативтік ережеде қандай маска тағу керектігі туралы жазылмаған. Естеріңізде болса, ауру өршіген айларда адамдар масканы өздері қолдан тігіп тақты. Коронавирустан сақтану үшін міндетті түрде маска таққан жөн. Осыны баса айтқым келеді»,– деді Жандарбек Бекшин.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.