Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, сырқаттан емделгендердің 4-еуі Алматы қаласында, 2-еуі Алматы облысында, 1-еуі Шығыс Қазақстан облысында, 2-еуі Қостанай облысында тұрады.
«Маңғыстау облысынан - 5, Павлодар облысынан 2 азамат сауығып шықты. Жалпы, елімізде барлығы 1 290 896 адам COVID-19-дан емделіп, қатарға қосылды», - делінген ресми мәліметте.