Коронавирустан жазылғандар саны 58-ге жетті
16:24, 09 Сәуір 2020
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында 3 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан бойынша жазылғандар саны 58-ге жетті:
Нұр-Сұлтан қаласы – 30
Алматы қаласы – 26
Ақтөбе облысы – 1
Солтүстік Қазақстан облысы – 1