Коронавирустен емделіп жатқан 1 316 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 11 қыркүйектегі мәлімет бойынша 79 884 адам коронавирус инфекциясынан (71 716 КВИ+ және 8 168 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды сoronavirus2020.kz.

Олардың ішінде:

16 528 пациент стационарда,

63 356 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

1 316 адамның жағдайы ауыр,

346 пациенттің жағдайы өте ауыр,

193 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.