«Бүгін интенсивті терапияның қолданылуына қарамастан ауруханада Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны, әйел адам қайтыс болды. Себеп – екі жағы тұтасқан пневмония, тыныс алуының қиындығы, қант диабеті кезіндегі сепсис, атеросклероз гипертониясы. Өкпенің қабынуының себебі – коронавирус. Ақмола облысында тұрады деп жазылған бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында облыстық көпсалалы ауруханада жатты. Оқиға географиялық жағынан алғанда Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан тіркеу де осы жерде жүргізілді. Осыған қарай біз де медициналық статистикамызды Ақмола облысына жатқызып отырмыз. Осы себепті ертең бифингте қосымша мәліметтер айтылады»,-делінген хабарламада.
23:01, 26 Наурыз 2020
Коронавирустен қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны болып шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Корнавирустен қайтыс болған әйел Ақмола облысының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram арнасынан мәлім болды.