Күндіз 253,7 мың адам ауру жұқтыру жағдайы анықталды.
Әлем бойнша коронавирус инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны 17,1 млн. Қауіпті вирустан 668 мың адам көз жұмған.
Covid-19 пандемиясы басталғалы ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі Солтүстік және Оңтүстік Америкада (9,1 млн адам) және Еуропада (3,3 млн адам) тіркелген. Әлемде ауру жұқтырғанджар саны бойынша үшінші орында Оңтүстік-Шығыс Азия тұр. Мұнда 2 миллионнан астам адам коронавирус індетіне шалдыққан.
Жалпы жекелеген елдер бойынша Covid-19 жұқтырғандар саны жөнінен АҚШ 4,3 млн адам) көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия (2,5 млн адам), үшінші орында Үндістан (1,6 млн адам) тұр.