«Құрметті Елбасы! Нұрсұлтан Әбішұлы! Жаңалықтардан сіздің аты жаман ауруға душар болып қалғаныңызды естіп жатырмыз. Мен 75 жасқа толдым. Жеңіспен жастымын. Сіз көрген қиындықтарды мен де көрдім. Бірақ сіздің ақылыңыз бен күш-жігеріңіз біздің қазақ еліміз жақсы заманда өмір сүріп жатыр. Елге қандай еңбегіңізді сіңгені бізге ғана мәлім емес, бүкіл дүние жүзі біледі. Коронавирусты да, карантинді де сіз болып, біз болып жеңеміз. Алатау ауданының ардагерлері түгел жиналып келейік деп едік. Алайда карантин болғаннан кейін тілеуіңізді үйде тілеп отырмыз. Сол ардагерлердің атынан сізге тезірек жазылып кетуді тілейміз. Тезірек қатарымызға қосылуыңызды шын жүректен тілейміз», - дейді Несіпхан Батырханова.
Айта кетсек, бүгін Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. Соған қарамастан Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда.