«Бұл тікелей эфирді онлайн брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде коронавирус жұқтырған қырықтан астам адам анықталғаны – алаңдататын жағдай. Қазір вирус жұқтырғандардың саны 204-ке жетті. 1899 адам стационарлық карантинде. Үш жарым мыңнан астам адам үй карантинінде жатыр. 6 мыңнан астам ауырғандармен байланыста болған. Олардың 95%-ының кім екені анықталды. Біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр», - дейді Дәурен Абаев.
16:19, 28 Наурыз 2020
Коронавирустың таралу қаупі үдеп барады - министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавирус індетінің таралуы үдеп барады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты.