Корпоративтік басқару енді ғаламдық экономикалық ортаның бөлігіне айналды - Standard & Poor's корпоративтік басқару рейтингі қызметінің директоры

; АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Корпоративтік басқару - тәуекел көзі. Бұл бүгін Алматыда «Корпоративтік басқару: дағдарыс сабақтары, жаңа мүмкіндіктер және қолайлы үлгілер» деп аталатын V Халықаралық конференцияда айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүкіләлемдік банктің «Doing Business 2010» зерттеуінде 178 елдің ішінде істі жүргізудің ашықтығында Бразилия - 129, Ресей -120, Үндістан -133, Қытай -89, Қазақстан - 63 орында болды. Ал олар инвесторларды қорғауда өз ретіне қарай - 73, 93, 41, 93, 57; міндеттеме келісімшартарын орындауда - 10, 19, 182, 18, 34 және несие алуда - 87, 87, 30, 61, 43 сатыға орналасты», дейді Standard & Poor's корпоративтік басқару рейтингі қызметінің директоры Светлана Бородина. Оның айтуынша, инвесторлар жақсы корпоративтік басқарудағы компаниялардың акцияларына сыйақы төлеуге дайын. Бұл Латын Амарикасында 28 пайыз, Азияда 28 пайызға жуық, Еуропада 23 пайыз, АҚШ пен Ұлыбританияда 19 пайызды құрайды.

«Жалпы корпоративтік басқаруды жақсартудағы алғашқы қадам - ашықтықты арттыру. Ұлттық стандарттарды Халықаралық қаржылық есептік стандартына сәйкестендіруге Үндістан - 2000 жылы, Ресей - 2004 жылы, Қытай - 2006 жылы, Бразилия - 2007 жылы қол жеткізді. Ал оған толық көшуді Қазақстан - 2007 жылы, Бразилия - 2010 жылы жүзеге асырса, Үндістан оны 2011 жылға жоспарлауда. Ал Қытай мен Ресейде бұл әлі белгісіз», дейді Светлана Бородина. Standard & Poor's корпоративтік басқару рейтингі қызметі директорының сөзіне қарағанда, инвесторлардың көзқарасынша оларды Ресей акция нарығынан алшақтайтын негізгі тәуекелдер бірнешеу. Олар - мұнай мен газ ( 77 пайыз), корпоративтік басқару деңгейі (69 пайыз), саясаткерлер мен мемлекеттік бақылаудың ықпалы (51 пайыз), аймақтардағы тұтынушылық сұраныстың төмендеуі (40 пайыз), шамадан тыс қарыз бен оны қайтару мерзімінің қысқалығы (14 пайыз), валюта құбылмалығы (11 пайыз) және өтімділіктің төмендігі (11 пайыз). Бұл Шотландияның корольдік банкінің 2009 жылдың желтоқсанында әлемнің түрлі елдеріндегі 40 институтционалдық инвесторлар арасында жүргізілен сауалнамасының қаңтардың 10-ы күні жарияланған қорытындысында мәлім болды.