ОРАЛ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысымен «ҚПО б.в.» компаниясынан қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін мемлекет пайдасына 1 922 109 851 теңге өндірілді.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 2010 жылдың жеті айы ішінде (наурыз-қыркүйек) «ҚПО б.в.» компаниясы қоршаған ортаға белгілі лимиттен асырып, 5517,30 тонна қауіпті деңгейдегі «янтарьлық» және 455,86 тонна «жасыл» қалдықтарды шығарғаны анықталды.
Тексеру қорытындысына сәйкес аталмыш компания ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 243-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал келтірілген зиян ҚР Экологиялық кодексінің 321-бабы 1-бөліміне сай мемлекет бюджетіне толық өндірілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).