Астанада өтіп жатқан аталмыш конференцияға бүгін қатысып, сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты.
Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерін ортқ экологиялық жүйе біріктіретінін жеткізген Үкімет басшысы: «Осы жылғы су тасқындары, өрттер барлығымыздың ортақ проблемаларға тап болып отырғанымызды білдірген дер кезіндегі ескертулер болды», деді. Осы орайда К. Мәсімов Қазақстан Ресейді, Қытайды, Орталық және Шығыс Азия, Кавказ елдерін қосқанда өңірлік мемлекеттермен бірге, сондай-ақ түрлі халықаралық ұйымдар мен бағдарламалар аясында бірлескен экологиялық жобаларға қатысып, жүзеге асырып жатқанын атап көрсетті.
Оның айтуынша, бұл ретте Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен ынтымақтастық Қазақстан үшін тек жағымды нәтижелер алып келеді.