Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов айтты.
«Қоршаған ортаны қорғау, оның сапасын тұрақтандыру және жақсарту баршалық іс. Оған 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында аталған қоршаған ортаға өз ықпалын тигізетін «жасыл» технологиялар трансферттері куә», - деп атап өткен С.Ахметов, бұл ретте, аталған міндеттер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуы тиістігін баса айтты.
«Біріншіден, 2011 жылы министрліктің орындауы үшін Мемлекет басшысы 10 тапсыра беріп, оның 5-еуі жүзеге асырылды. Қалған 5 тапсырма бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Осыған орай жұмысты белсендіру және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін кідіріссіз шешімдер қабылдау қажет», - деді ол.
С.Ахметов министрліктің 2010 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ҚР Үкімет басшысының ілеспе мұнай газын кәдеге жаратуға арналған бағдарламасын мұнай секторындағы кәсіпорындармен жүзеге асыру бағытында берген жұмысын жалғастыруды қатаң тапсырды.
Сонымен қатар кәріз суы жиналатын Сорбұлақ көлінің экологиялық пробелмасын шешу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын баса айтқан ол: «Зерттеу аяқталғаннан кейін министрлік Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, аталған проблеманы түбегейлі шешуге қаржы бөлу мәселесін қарастыруға тиісті», - деді.