қаулысына өзгерістер енгізілді, деп хабаралады ресми БАҚ-тар.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылдың 19 қаңтарынан №123 бұйрық
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 457 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы № 457 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 205-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары осы қаулы косымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 30 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптары республикалық БАҚ-да жарияланған.