Қоршаған ортаны ластағаны үшін «ҚПО б.в.» компаниясынан 7,3 млрд. жуық теңге өндірілді - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО табиғат қорғау прокуратурасы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы қазақстандық филиалының ауаға лас қалдықтарды шығарғандығын анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, БҚО бойынша экология департаментіне аталған заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізілді.

Соның негізінде экология департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп, шығын көлемін анықтады. Соның нәтижесінде «ҚПО б.в.» компаниясынан сот тәртібімен мемлекет бюджетіне 7 млрд. 286,716 млн. теңге өндірілді.