ҚР ҚМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылғы қаңтардың ортасынан бастап Мәдина Маратқызы сол жақ сан жілік сүйегінің созылмалы остеомиелиті, құрт жеген түрі диагнозымен ҚР ҚМ Бас әскери-клиникалық госпиталінде стационарлық ем қабылдауда.
Алдын ала дайындықтан кейін 2016 жылдың 3 ақпанында оның тобығына секвестрнекрэктомия отасы жасалды. Остеомиелиттік секвестрді алып тастады, себебі, сүйек талшығы іріндей бастаған.
Қазіргі уақытта ол отадан кейінгі ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайы қанағаттанарлық. Тобығы жазыла бастаған кезде протездеуге мүмкіндік болады.
Зардап шеккен қызды емдеу 2014 жылдың қарашасында Талдықорған қаласының облыстық ауруханасында басталған болатын. Ол жерде оған сол жақ жіліншігінің ампутациясы көлемінде бастапқы ота жасалды. Нәтижесінде жіліншігінің бірнеше рет аутодермопластикасы (теріні алмастыру) жасалды. Жара баяу жазыла бастады. Операциядан кейінгі остеомиелиттің өршуіне байланысты 2015 жылдың 13 наурызында сол ауруханада сол жақ үлкен сан жілігі сүйегінің қайта ампутациясы, яғни, оның қайталанбалы кесілуі (резекция) жасалды. 2015 жылдың 25 қыркүйегінде Алматы қаласының 4 қалалық клиникалық ауруханасында да қайта ампутациялау жасалды.
Салдарынан науқастың сол жақ жіліншігі жүйесінің созылмалы остеомиелиті, құрт жегісі пайда болды. Осыған байланысты, зардап шеккен қыздың анасы медициналық көмек көрсетілуі туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери-медициналық басқармасына өтініш білдірді. 2016 жылдың 12 қаңтарында бойжеткен госпитальге жатқызылды.
Естеріңізге сала кетсек, оқиға 2014 жылдың соңында орын алды. Мәдина Маратқызы Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бетон қоршауының құлауы салдарынан зардап шекті. Ол кезде банкте шот ашылды. Оған ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, ведомстволық бағынысты құрылымдар мен бөлімшелер материалдық көмек ретінде өздерінің бір күндік жалақыларын есепшотқа аударды. Сондай-ақ зардап шеккен қыздың отбасына қаржылай көмек көрсетілді.
Жарақат алған сәттен бастап әскери-медициналық мамандар зардап шеккен қыздың емделуіне белсене атсалысты, жетіспеген дәрі-дәрмекті жеткізу жүргізілді.Одан басқа, зардап шеккен қызды бірінші қабаттағы пәтер іспетті бөлмеге орналастырды, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.