Көршілер екі кішкентай баланы өрттен құтқара алмады - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ақсу қаласында бейсенбі күні күндіз жекеменшік тұрғын үйде 10 шаршы метрге тараған өрт болды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

Оны өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін көршілер сөндірді.

 Оқиға орнында кішкентай нәресте мен 5 жасар баланың мүрделері табылды.

Өрт сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы шықты.

Бұдан басқа, Алматыдағы «Барыс» сауда кешенінің аумағында кеше кешкі уақытта халықтық тұтыну тауарлары бар 4 контейнер өртене бастады. Жалын бүгін түнде сөндірілді. Өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртпен күресте ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 45 адамы мен 13 техника бірлігі жұмылдырылды.