Көршісін балғамен ұрып өлтірген 50 жасар азамат қамауға алынды - БҚО

None
ОРАЛ. 1 шілде. ҚазАқпарат - 23 маусым күні Зеленов ауданы Дариян ауылында өз үйінен 1940 жылғы зейнеткер әйелдің мүрдесі табылды.

Облыстық ішкі істер департаменті тергеу басқармасының бастығы Мағауия Құрмашевтың хабарлағанындай, жалғыз тұратын А. есімді зейнеткерді көршісі, бұрын бірнеше рет сотталған 1963 жылғы ер адам өлтірген болып шықты. Оны алдымен балғамен ұрып, сосын қылғындырған. Күдіктінің айтуына қарағанда, оқиға 18 маусым күні орын алған, мүрде бірнеше күн бойы үйде жатып қалған. Қарапайым тұрмыс кешіп, бау-бақша ұстаған жасы келген адамнан қаскүнем 7 мың теңге мен ұялы телефонды олжа еткен. Оның мекенжайын тінткен кезде ұрланған телефон табылып, тәркіленді.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, аталған азамат қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Биылғы жыл басынан бері өңірде осымен 31 қасақана кісі өлтіру фактісі тіркеліп отыр.