Көршілес 2 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысына қарасты автомобиль жолы ауа- райының қолайсыздығына байланысты жабылды. Абай облысында да күн райының күрт бұзылуынан Қалбатауға дейінге аралыққа шектеу қойылды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК- сы 2024 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 23:00–де республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» автожолының 480-615 шақырым аралығында (Көлбай ауылы — Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді. Сондай- ақ Жетісу облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін де қозғалысқа шектеуін қойылды.
— Алматы-Өскемен» автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасынан-Қалбатау ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада.
Еске салайық осыған дейін Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінгенін жазған болатынбыз.