Бұл туралы әлеуметтік желіде «Human Rights Lawyers» қорының құқық қорғаушысы Ляззат Рақышева жазды. Оның айтуынша, қорға баласының жағдайына байланысты әйел жүгінген.
- Сабақтан кейінгі түскі үзіліс кезінде оның 9 жасар ұлы көршісі тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Анасының айтуынша, көршісі баланы алдап үйіне шақырып алып, оған қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасай бастаған. Баланың осы кіреберіске кіргенін бейнежазбадан көрген анасы оны бірден іздеуге шыққан, - деп жазды ол.
Аталған жазбаға Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірді.
- Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Азаматтың жеке басына қатысты деректер анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліпжатыр, олардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процестік шешім қабылданады, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін қызылордалық жасөспірімнің отбасы қыздың бапкерінен зорлық көргенін айтып, істің әділ тергелуін сұрады.