Турнирге 6 өңірден 40-тан аса голболшы қатысады.
Жарыс мақсаты – голболды көпшілікке таныту, командаларға халықаралық аренаға шығуға мүмкіндік беру. Қазақстанда голболдан 2017 жылдан бері 3 чемпионат өтті.
Голбол – көру қабілеті нашар адамдарға арналған ойын. Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Спорт түрі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көзі көрмейтін мүгедектерді оңалту үшін ойлап табылған. Ойын алғаш рет әлемге 1976 жылы Торонтодағы Паралимпиада ойындарында таныстырылды.