Полицейлердің мәліметі бойынша кеше,18 наурызда Сепе ауылының маңындағы табиғи қорықта заңсыз аң аулап жүрген 35-56 жас аралығындағы 8 адам қолға түскен. Ұсталған адамдардың бесеуі көкшетаулық та, қалған үшеуі Атбасар ауданының тұрғындары.
"Тексеру барысында олардан 7 аңшы мылтығы, 3 тегіс ұңғымалы мылтық, 4 шолақ мылтық, 4 қарда жүретін көлік жəне 11 жабайы доңыздың еті табылып, тəркіленді.Осыған байланысты ҚР ҚК 337 бабының 4 бөлімі бойынша (заңсыз аңшылықпен айналысу) сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалды", деп көрсетілген хабарламада.
12:19, 19 Наурыз 2017
Қорық аумағында заңсыз аң аулаған браконьерлер тобы ұсталды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Атбасар ауданында табиғи қорық аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды 'ҚазАқпарат' ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.