Сағат 19.00 шамасында «ОӨАЖҚЖ» ММ-нің құтқарушылары өзендегі демалушылардың арасынан суда жанталасқан жасөспірімді байқап қалады. Олар зардап шегушіні жағаға шығарып, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.
Ажалдан арашаланып қалған 2000 жылы туылған Понасенко Данила Қызылорда қаласы Мерей м/а 13 үй 31 пәтер тұрғыны болып шықты. Құтқарылған жасөспірімнің туыстары құтқарушылар мен мекеме басшысы Б.Ембергеновке жазбаша түрде алғыстарын білдірді.