«Алматы әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері 1987 жылы туған Түркия азаматының екі азаматтығы бар екенін, яғни оның Қазақстан Республикасының және Түркияның азаматтығын алғанын анықтады», - делінген хабарламада.
Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабы 2 бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Азаматша 453800 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.