Қос бельгиялық лотереядан 26,5 млн. еуро ұтты

БРЮССЕЛЬ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Бельгияның екі тұрғыны EuroMillions еуропалық лотереяда бақтары жанып, 26,5 млн. еуро ұтып алды.

Бельгиялық БАҚ-тың хабарлауынша, ұтыс ойыны кеше кешқұрым өткізілген. Қауіпсіздікке байланысты жеңімпаздардың есімдері жарияланбай отыр.

Өткен жылы EuroMillions арқылы бельгиялық тұрғын 79 млн. еуроны еншілеген еді. Бельгия үшін аталмыш ұтыс ойынындағы ең ірі жүлде 100 млн. еуро 2007 жылы тіркелген.