АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында екі қазақ балуаны финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның бірі 60 келіде Өзбекстаннан келген Шохрух Нуридениевты ұтқан балуанымыз Қуаныш Ысқақов болса, екіншісі кубалық балуаннан айласын асырған 66 келі салмақта ел намысын қорғаған Қасымхан Төленбай. Енді аты аталған қос балуанымыз санаулы минуттардан кейін алтын үшін белдесуге шығады.
Айта кетейік, осы біріншілікте жарыс жеңімпаздары - 2 мың, екінші орын иегерлері - 1 мың, ал үшінші орын алғандар 500 АҚШ долларына ие болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.