Мұндай атаққа Вадим Псарев пен Жақсылық Үшкемпіров лайық деп табылыпты. Бұл Ташкентте өткен ФИЛА конгресі кезінде белгілі болды.
Айта кетейік, даңқты қазақстандық жаттықтырушы Вадим Псаревтің шәкірттері халықаралық деңгейдегі 100-ге жуық марапатқа ие болған. Солардың ішінде ең жоғары дәрежеге жеткен - олимпиаданың екі дүркін чемпионы Валерий Рязанцев болды.
Сондай-ақ, бұл тізімге қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров те қосылды. Ол 1980 жылғы олимпиадада болгариялық Павел Христовты 12:7 есебімен ұтып, ұлтының даңқын асқақтатқан болатын. Оның ерлігін осы күнге дейін ешкім қайталай алмай келеді.