«Сирия шекарасы маңында Ресейдің бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсірген екі ұшқыш қамауға алынды» деген хабарды түр¬киялық шенеунік оның атын атамау туралы шартпен айтып берген. Бұл туралы «РИА Новости» агентігі жазады.
Ресей мен Түркия арасында салқындық өткен жылдың 24 қарашасында Түркияның жойғыш ұшағы Сирия шекарасы маңында Ресейдің бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейін басталған. Ресей прези¬денті Владимир Путин мұны «арқадан жасалған соққы» деп атаған еді. Осыдан соң Ресей Түркияға бірқатар экономикалық шек¬теулер қойған. Ал маусым айының соңында Путин Түркиямен екі ел арасында сауда-эко¬номикалық қатынас қайта қалпына келе бас¬тағанын мәлімдегені белгілі.
06:48, 19 Шілде 2016
Қос ұшқышты қамауға алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Түркия билігі өткен жылдың қараша айында Ресейдің бомбалаушы Су-24 ұшағын атып түсірген қос ұшқышты қамауға алды». Бұл туралы Блумберг агенттігі түркиялық жоғары шенді шенеунікке сілтеме жасап хабарлады.